National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады

2021 жылғы 12 қазан

Мемлекет басшысы АӨСШК Сыртқы істер министрлері Кеңесінің  алтыншы отырысына қатысу үшін елімізге келген Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады.

Мемлекет басшысы Түрікменстан өткізген Орталық Азия мемлекеттері басшыларының үшінші Консультативтік кездесуінде ынтымақтастықты одан әрі күшейту әрі жаңа мүмкіндіктерге жол ашу мақсатымен өзекті мәселелер талқыланғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев түрікменстандық дипломатқа АӨСШК Сыртқы істер министрлері Кеңесінің алтыншы отырысына қатысып, Қазақстанның бастамаларына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Кездесуде Қазақстан-Түрікменстан қарым-қатынасының саяси, сауда-экономикалық салалары мен аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Түрікменстанда өтетін VI Каспий саммитіне дайындық барысы қарастырылды.

Рашид Мередов Қазақстан Президентіне қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің өз еліне мемлекеттік сапармен келуге шақыруын табыс етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев шақыртуды қабыл алатынын айтып, қазақ-түрікмен ынтымақтастығына барлық сала бойынша тың серпін беру мақсатында жуық арада Ашхабадқа сапармен баратынын жеткізді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің