National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

2021 жылғы 28 сәуір

Көршілес мемлекеттердің Президенттері көп жоспарлы қазақ-түрікмен ынтымақтастығын дамыту перспективалары, екі ел арасындағы достық қатынастар мен стратегиялық серіктестікті нығайту жайында жан-жақты пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас екі ел халықтарының мүддесі үшін Қазақстан Түрікменстанмен көпжақты байланыстарды одан әрі дамытуға дайын екенін мәлімдеді.

Гурбангулы Бердімұхамедовтің пікірінше, Қазақстан Түрікменстанның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі.

Президенттер өзара сауда көлемін арттыру, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және логистика салаларындағы жобаларды жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан мен Түрікменстанның күш біріктіруге дайын екенін растады.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастыққа қосымша қарқын беру үшін биыл Үкіметаралық комиссия отырысын өткізуге келісті.

Қазақстан Президенті ортақ келісім болған жағдайда, кезекті Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік  кездесуін Түрікменстан астанасында өткізуді қолдайтынын жеткізді. Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев түрікмен елінің басшысына Қазақстанның Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінде көтерген бастамаларын қолдағаны, сондай-ақ, Түрікменстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне бақылаушы ретінде кіргені үшін ризашылығын білдірді.

Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевты екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, маңызды келісімдерге қол қою үшін Түрікменстанға сапармен келуге шақырды.

Қазақстан Президенті түрікменстандық әріптесіне әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің