National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті «Astana Group» компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы Нұрлан Смағұловты қабылдады

2021 жылғы 19 қазан

Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Astana Group» компаниясының жұмысы мен даму перспективалары туралы ақпарат берілді.

Атап айтқанда, Нұрлан Смағұлов Қасым-Жомарт Тоқаевқа компаниялар тобының бюджетке төлеп отырған салық мөлшерінің 90 миллиард теңгеге дейін артқаны, экспорт тасымалының өскені, сондай-ақ жеңіл техника шығаратын зауытты кеңейтуге және Алматы қаласындағы бейнелеу өнері музейінің құрылысына қатысты жоспарын айтты.

Президентке «Мега» сауда орталықтарының халыққа екпе салу науқанына атсалысып жатқаны жөнінде мәлімет берілді. Нұрлан Смағұловтың айтуынша, аталған сауда орталықтарында 150 мыңнан астам адамға вакцина салынған.

Сонымен қатар бизнесмен Президентке бюджеті 1 миллиард теңге болатын өзінің қайырымдылық қорының қызметі туралы да айтты. Қор мәдениет пен спортты дамытуға әлеуметтік-қаржылай қолдау көрсетіп, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетеді.

Бұдан бөлек Нұрлан Смағұлов еліміздің Велоспорт федерациясының президенті ретінде Мемлекет басшысына балалар мен жасөспірімдер спортының жағдайы және «Astana – Premier Tech» велокомандасының ребрендингі туралы баяндады. Велокоманда 2022 жылдан бастап   «Astana Qazaqstan Team» деп аталатын болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның бастамаларына оң баға беріп, табыс тіледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

2026 жылғы 27 наурыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің