National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Президенті Армен Саркисянмен кездесті

2021 жылғы 03 маусым

Келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Армен Саркисян саяси диалогты, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға баса мән бере отырып, қазақ-армян ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Президенттер Еуразиялық экономикалық одақ, ҰҚШҰ және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастықтың перспективаларын қарастырып, жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.

Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан Армения Президентінің осы сапарының маңызды екенін атап өтті.

– Армения – бізге достас мемлекет. Елдеріміз арасындағы өзара қарым-қатынастар ежелден келе жатқан дәстүрлерге негізделеді. Әрине, біз ықпалдастығымыздың бір жерде тұрып қалмай, жаңа мазмұнмен толыға отырып дамуына мүдделіміз. Сондықтан елдеріміздің үкіметтері мен нақты салалық ведомстволары осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс істеп жатыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Қазақстан Президенті түрлі салалар бойынша қарым-қатынастарды нығайту үшін мол мүмкіндіктер бар екенін атап өтіп, Арменияның үкіметтік делегациясының жуырда Қазақстанға жасаған сапарының қорытындыларын оң бағалады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД, БҰҰ және ЕҚЫҰ аясындағы екіжақты ықпалдастықтың жақсы қарқынмен жалғаса беретініне сенім білдірді. 

Армен Саркисян өз кезегінде Қазақстанға жұмыс сапарымен келуге мүмкіндік жасағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

– Мен үшін Қазақстанға келу – белгілі бір мағынада өз үйіме, достарыма келгенмен бірдей. Өзіңіз айтқандай, біздің халықтарымыз арасындағы қарым-қатынастар өте жақсы және оның тарихи тамыры тереңде, – деді Армения Президенті.

Армен Саркисян Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нұр-Сұлтан мен Ереван арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейтудің әлеуеті зор деген пікірімен келісті. Осы ретте ол сауда, білім беру, жаңа технологиялар, тамақ өнімдерін қайта өңдеу салалары бойынша жасалып жатқан қолайлы шарттарға назар аударып, аталған ынтымақтастықтың мазмұнын байытып, кеңейте беруге ниетті екенін жеткізді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2021 жылғы 07 желтоқсан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жаңадан сайланған Федералдық Канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады

2021 жылғы 08 желтоқсан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жаңадан сайланған Федералдық Канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады

Жарлық

2021 жылғы 24 қараша

Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің