National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президентінің туған күніне орай келіп түскен құттықтаулар

2021 жылғы 17 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай шет мемлекеттердің басшыларынан, парламент төрағаларынан, үкімет басшыларынан және шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың, коммерциялық мекемелердің жетекшілерінен, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен құттықтаулар келіп жатыр.

Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, сондай-ақ, Ресейдің Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен телефон арқылы құттықтады.

Сонымен қатар Қазақстан Президентінің атына ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Украина Президенті Владимир Зеленский, Армения Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян,  бұдан бөлек, Ресей Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин,  Татарстан Президенті Рустам Минниханов, ТМД Атқару комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Зась, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Владимир Норов, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Хади Сүлейманпур, БҰҰ-ның Женевадағы штаб-пәтерінің Бас хатшысы Татьяна Валовая және басқалар құттықтау жеделхаттарын жолдады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 27 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2024 жылғы 03 наурыз

Мемлекет басшысы Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2024 жылғы 13 ақпан

Д.М. Малахов туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің