
1977 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
2001 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, 2004 жылы Қазақ мемлекеттік медицина академиясын (PhD ғылыми дәрежесі), 2007 жылы «Дәнекер» халықаралық құқық және бизнес институтын, 2015 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының корпоративті басқару жоғары мектебін, Алматы менеджмент университетін («Іскерлік әкімшілік» докторы дәрежесі (DBA) тәмамдаған
2001-2007 жылдар аралығы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық медицина орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қайта қалпына келтіру хирургиясы орталығының хирург-эндоскопист дәрігері, аға ғылыми қызметкері, Ішкі медицина орталығының жетекші ғылыми қызметкері;
2007-2010 жылдар аралығы – ҚР Президенті Іс басқармасы Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығының директоры;
2010-2011 жылдар аралығы – ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы;
2011-2014 жылдар аралығы – Астана қаласы әкімдігі №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері;
2014-2017 жылдар аралығы – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары;
2017-2019 жылдар аралығы – ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары;
2019-2020 жылдар аралығы – ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы;
2020-2021 жылдар аралығы – ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары, Денсаулық сақтау министрі;
2022 жылы – ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі;
2022-2025 жылдар аралығы – ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының жетекшісі;
2025 жылдың 14 қазанында Мемлекет басшысының өкімімен ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.