National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Жарлықтар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

2022 жылғы 22 қазан

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы  –  ішкі істер органдарының ардагері, Астана қаласы.

 

2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Исабеков Дулат  –  жазушы, Алматы қаласы

Розметов Владимир Фёдорович  –  «АтырауАгроӨнімдері» ЖШС директоры.

 

3.  Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

            Президенті                                                             Қ. Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 14 қазан

                   № 1046


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің