National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қырымбек Көшербаев Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өту жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Мемлекеттік хатшы өз сөзінде Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы елдігімізді айшықтап, бірлігімізді көрсететін айтулы оқиға екенін, алдағы жоспарланған іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу қажеттігін айтты.

– Ақынның мерейтойы жас ұрпақты тәрбиелейтін, ұлтымызды ұйыстыратын, жұртшылыққа ой салатын тағылымы мол, тәлімі зор, тәрбиелік мәні бай шара болуы тиіс, – деді Қырымбек Көшербаев.

Комиссия отырысында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, сонымен қатар, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ақын мерейтойын атап өтуге қатысты жоспардың орындалу барысы жөнінде баяндады.

Жиын соңында Мемлекеттік хатшы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпы республикалық жоспарды орындау жөніндегі жұмысты жалғастыруды және белгіленген іс-шаралардың сапалы өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады

2026 жылғы 01 сәуір

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы