National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Жарлықтар

Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы

2016 жылғы 14 желтоқсан

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді кешенді жүйесін қалыптастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы (бұдан әрі – Кешенді стратегия) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп:

1) 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін Кешенді стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.  

 

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                                 Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 8 желтоқсан

                       № 387

 

Жарлыққа қатысты түсіндірмені мына жерден көре аласыздар


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің