National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Жарлықтар

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2019 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы

2019 жылғы 10 желтоқсан

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның шешімін қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2019 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

1) «Ұлттық құрамы бар, балаларға арналған және емдік-профилактикалық тағам өнімдерін ғылыми әзірлеу және өнеркәсіптік өндіру бойынша инновациялық кластерлер» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:

«Қазақ тағамтану академиясы» қоғамдық бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi Төрегелдi Шармановқа;

«Қазақ тағамтану академиясының «Амиран» зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, «Қазақ тағамтану академиясы» қоғамдық бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға ғылыми қызметкері Жанкелді Мұсылманбекұлы Әбжаппаровқа;

«ЕвразияИнвест LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Қадырбек Қақуұлы Мейрамбековке;

«ЕвразияИнвест LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, экономика ғылымдарының магистрі Ғалымжан Қадырбекұлы Мейрамбековке;

«Қазақ тағамтану академиясы» қоғамдық бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің  вице-президенті,  биология  ғылымдарының  докторы, профессор Юрий Александрович Синявскийге;

«Ордабасы құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің байқау кеңесінің төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты Сергей Александрович Терещенкоға;

«Қазақ тағамтану академиясының «Амиран» зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, «Қазақ тағамтану академиясы» қоғамдық бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының докторы Руслан Борисович Юнге;

2) «Қазақстан Республикасы табиғи-шаруашылық жүйелерін ұлттық қауіпсіздік тұрғысында сумен тұрақты қамтамасыз ету саласындағы ғылыми жұмыстар циклі» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:

«География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Ахметқал Медеуге;

«География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының ғылым жөніндегі орынбасары, география ғылымдарының кандидаты Саят Құрбанбайұлы Әлімқұловқа;

«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректор, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Тілектес Исабайұлы Есполовқа;

«География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, география ғылымдарының докторы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Игорь Михайлович Мальковскийге;

«География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Игорь Васильевич Северскийге;

«География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің табиғи-шаруашылық жүйелерді сумен қамтамасыз ету және математикалық модельдеу зертханасының жетекшісі, география ғылымдарының докторы Лидия Серғазықызы Төлеубаеваға;

«География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің су ресурстарын бағалау зертханасының жетекшісі, география ғылымдарының кандидаты Айсұлу Алашқызы Тұрсыноваға;

3) «Мал шаруашылығын дамытудағы жаңа инновациялық жетістіктер (мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, түйе шаруашылығы, ветеринария)» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:

«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Дәурен Маратұлы Бекеновке;

«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға ғылыми қызметкері, PhD докторы Мурат Ашрафович Алиевке;

«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік ғылымдар академиясының академигі Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетовке;

«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Николай Петрович Ивановқа;

«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының докторы Айдар Мырзахметұлы Наметке;

«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері,  ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Төлеухан Садықұловқа;

«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының магистрі Сәуле Нұрғалиқызы Сарымбековаға;

«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ахметжан Әкиұлы Сұлтановқа;

4) «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының мұнай құбыры маршруттары бойынша мұнай және мұнай қоспаларын тасымалдауда энергия үнемдеуді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін: 

«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Ескендір Қалыбекұлы Бейсембетовке;

«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Энергетикадағы модельдеу» ғылыми-өндірістік зертханасының «Компьютерлік модельдеу және бағдарламалық қамтылым» бөлімінің басшысы, техника және технология магистрі Тимур Талғатұлы Бекібаевқа;

«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Энергетикадағы модельдеу» ғылыми-өндірістік зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Ұзақ Қайырбекұлы Жапбасбаевқа;

«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық  емес  акционерлік  қоғамының  ғылым  жөніндегі  проректоры,

«Металлургия және кен байыту институты» акционерлік қоғамының бас директоры – басқарма төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Бақдәулет Кенжалыұлы Кенжалиевке;

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Техникалық саясат департаментінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және инновация секторының бас менеджері, химия ғылымдарының докторы, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Ербол Махмотовқа;

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Техникалық саясат департаментінің  директоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Берік Қартаңбайұлы Саяховқа берілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

               Президенті                                                                                     Қ.Тоқаев

 

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы  6 желтоқсан

                           

                           № 210

 

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 06 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

2024 жылғы 12 сәуір

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2024 жылғы 01 сәуір

Ә.А. Смайыловты тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің