National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Жарлықтар

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2017 жылғы 28 маусымға тағайындау туралы

2017 жылғы 27 сәуір

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес, 2011 жылғы тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2017 жылғы 28 маусымға тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                 Президенті                                                                                              Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 27 сәуір

                № 468


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) президенті Йохан Элиашты қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Мемлекет басшысы Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) президенті Йохан Элиашты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің