National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

2022 жылғы 17 ақпан

Президентке еліміздегі құқықтық тәртіпті қалпына келтіру жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінде 2739 қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жүріп жатыр. Атап айтқанда, ұрлық, заңсыз қару сату, өзгенің мүлкін қасақана бүлдіру және басқа да деректер бойынша іс қозғалған. Қазіргі уақытта 271 адам қамауда отыр. Олардың 196-сы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтар.

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, тергеу барысында азаматтардың құқықтары сақталады. Қылмыс құрамына байланысты, қоғамнан оқшаулауға жатпайтын 103 азамат тергеу изоляторларынан босатылды. Тағы 200-ден астам күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат алу немесе кепілдік қою бойынша шаралар қабылданып, тергеу изоляторларына қамамауға шешім шығарылған.

Министр Парламент Мәжілісінің депутаттарына, қоғамдық-бақылау комиссиялары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне тергеу изоляторларына кіруге мүмкіндік берілгенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ішкі істер органдарының дағдарыс жағдайларына дайындығын арттыруға, күштік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмін қайта қарауға бағытталған шаралар туралы мәлімет берілді.

Президент Ішкі істер министрлігіне елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, ұсталған адамдардың конституциялық құқықтарын қорғау және қаңтардағы қайғылы жағдайлардың себептеріне объективті тергеу жүргізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 06 ақпан

Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады

2023 жылғы 08 ақпан

Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады

Жарлық

2023 жылғы 03 ақпан

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің