National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы «Қазақфильм» АҚ төрағасы Азамат Сатыбалдыны қабылдады

2023 жылғы 18 тамыз

Алматы қаласы

Кездесуде отандық кинематографияны және жалпы мәдениет саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Азамат Сатыбалды Президентке «Қазақфильм» қызметіндегі түйткілді мәселелер туралы баяндап, киностудияның статусын көтеруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақфильмде» заманында отандық кино өнерінің бір шоғыр көрнекті өкілдері еңбек еткенін атап өтті.

Президент кәсіби киногерлермен қатар, ұлттық интеллигенция, азаматтық қоғам өкілдерінің, аға буын мен жастардың шығармашылық әлеуетін жұмылдыра отырып, аталған саланың қордаланған проблемаларын кешенді әрі дәйекті түрде шешу маңызды екеніне назар аударды. Мемлекет басшысының пікірінше, кино өндірісін креативті индустрияның жеке секторы ретінде қарастыру керек.

Мемлекет басшысы отандық кинематографияны одан әрі дамыту мәселесі айрықша бақылауда болатынын айтты.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 05 желтоқсан

Мемлекет басшысы «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускасты қабылдады

2023 жылғы 07 желтоқсан

Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускасты қабылдады

Жарлық

2023 жылғы 05 желтоқсан

Ел экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің