National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы «Lancaster Group Kazakhstan» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Берік Қаниевті қабылдады

2021 жылғы 24 маусым

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне компанияның спорт, білім беру және экология салаларындағы іске асырылып жатқан жобалары таныстырылып, холдингтің пандемияға қарсы күреске қосқан үлесі туралы баяндалды.

Атап айтқанда Берік Қаниев Қасым-Жомарт Тоқаевқа балалар мен жасөспірімдер футболына жан-жақты қолдау көрсету, жаттығу орталықтарының инфрақұрылымын жақсарту және бапкерлер құрамының біліктілігін арттыру мақсатында құрылған «Jas Qyran» футбол лигасының жетістіктері туралы айтты.

Мемлекет басшысына Қазақстандағы инновациялық жекеменшік мектептер желісі – «Quantum STEM Schools» жобасының жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді. Аталған оқу орны Сингапур мен АҚШ елдерінің озық тәжірибесі негізінде білім беруді көздейді.  

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы қаласының экологиясын жақсарту мақсатымен құрылған «AirVision.kz» қоғамдық қорының жұмысы таныстырылды.

Кездесу соңында Президент «Jas Qyran» футбол академиясы бұқаралық балалар спортын, соның ішінде, футболды дамытуда  үлгі-өнеге көрсетіп отырғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы осы маңызды бастаманың сәтті іске асуына тілектестік білдіріп, «Lancaster Group Kazakhstan» компаниясының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға қосқан үлесіне оң баға берді.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің