National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахимен кездесті

2023 жылғы 17 қаңтар

БАӘ, Абу Даби қаласы

Кездесу барысында энергетика саласындағы бірлескен жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстан 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді, сондай-ақ 2030 жылға дейін жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 4 пайыздан 15 пайызға дейін  арттыруды көздеп отырғанын айтты.

Сонымен қатар Президент Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен KIDF қоры және Masdar компанияcы арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум толыққанды жүзеге асырылатынына сенім білдірді. Осы құжатқа сәйкес, Түркістан және Жамбыл облыстарында қуаттылығы 1 ГВт жел электр станциясын салу жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Өз кезегінде Мұхаммед Әл-Рамахи кездескені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, еліміздің жасыл энергетиканы дамыту саласындағы әлеуеті зор екенін атап өтті. Сондай-ақ оның компаниясы бұл бағыттағы ірі жобаларды бірлесе жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

2026 жылғы 27 наурыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің