National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановты қабылдады

2022 жылғы 11 сәуір

Президентке халықтың табысын арттыру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берілді.

Ералы Тоғжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа жалақыны көтеру ісінің 1 миллионнан астам бюджеттік сала қызметкерлері мен квазимемлекеттік сектордың өндірістік персоналын қамтитынын хабарлады. Сондай-ақ кәсіпкерлікке міндеттемелер белгілеу арқылы мемлекеттен көмек алатын ірі бизнестегі 2,8 миллион қызметкердің еңбек табысын арттыру қарастырылған.

Мемлекет басшысына кәсіпкерлік қызметтің табысын арттыруға, сондай-ақ фармацевтика, биотехнология, IT-технология және мұнай-химия бағытындағы жаңа өндірістер сияқты экономиканың түрлі салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға қатысты Үкіметтің жоспары баяндалды.

Сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасарының айтуынша, халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын қолдау шаралары қарастырылған. Мысалы, «Бақытты отбасы» жобасы аясында көп балалы және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 20 мың әйел жұмыспен қамтылады. Жастарды жұмысқа орналастыру үшін «Жастар тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары жүзеге асырылып, 400 айлық есептік көрсеткішке дейін гранттар беріледі.

Кездесу соңында Президент халықтың табысын арттырудың айрықша маңызды екенін атап өтіп, Үкіметке бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2022 жылғы 17 қыркүйек

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

2022 жылғы 23 қыркүйек

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

Жарлық

2022 жылғы 22 қыркүйек

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің