National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

2021 жылғы 08 қыркүйек

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Сенатының VII сессиясы барысында атқарылатын жұмыс жоспары туралы баяндалды. Сондай-ақ Президенттің Жолдауы мен берген тапсырмаларын іске асыруға бағытталған бірқатар заң топтамасының әзірленіп жатқаны жөнінде мәлімет берілді.

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы алдағы сессияда сенаторлардың Үкіметпен және Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп, әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квотаның сақталуына қатысты заңнама бойынша жұмыс істейтінін айтты. Сонымен қатар «Әлеуметтік кодекс», «Өнеркәсіп саясаты туралы», «Кәсіби біліктілік туралы», «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» және басқа да заңдарды қабылдау міндеті тұр.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, сенаторлардың бастамасымен Президент тапсырмаларын іске асыруға бағытталған бірқатар заң жобасы әзірленген. Атап айтқанда, «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасы жоспарлануда, сонымен қатар ғылыми кадрлардың жағдайын жақсарту және олардың әлеуметтік қорғалу кепілдіктері туралы заңнамасына, Салық кодексіне өзгертулер енгізу көзделуде. Сондай-ақ жайылымдық жерлерді басқаруды және пайдалануды реттейтін бірқатар түзетулер әзірленіп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында қабылданатын заң жобаларын талқылау және пысықтау жұмыстарына азаматтық қоғам өкілдері мен сарапшыларды кеңінен жұмылдыру қажеттігін айтты.

Кездесу соңында Президент парламенттік дипломатияның әлеуетін одан әрі арттыруға қатысты бірқатар міндет жүктеді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындықты бастау туралы тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 06 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

2024 жылғы 12 сәуір

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2024 жылғы 01 сәуір

Ә.А. Смайыловты тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің