National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасын таныстырды

2022 жылғы 25 ақпан

Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылық құрамымен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізіп, жаңадан тағайындалған төраға Олжас Бектеновті таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттіктің бұрынғы төрағасы Марат Ахметжановқа атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, оның жаңа қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы Агенттіктің жаңа төрағасы мен жеке құрамына сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершіліктен жалтарып кетпеуді қамтамасыз етуге, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеу идеологиясын күшейтуге, мемлекеттік қызмет туралы қоғамдағы жағымсыз пікірді өзгертуге бағытталған бірқатар міндет жүктеді. Сонымен қатар Президент елден ұрланып кеткен активтерді қайтаруға ерекше назар аудару керек екенін айтты.

Мемлекет басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жақында бекітілген тұжырымдамасын қалыптасқан ахуалды сапалы өзгертудің маңызды құрамдас бөлігі ретінде атап өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 06 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің