National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысына қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

2026 жылғы 21 ақпан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері атынан құттықтау жеделхаттары келіп түсті.

Мемлекет басшысын және Қазақстан халқын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Сауд Арабиясының Королі, Қос киенің сақшысы, Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, Тақ мұрагері, Премьер-министр Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, БАӘ Президенті Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаян, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Вице-президент, БАӘ Премьер-министрінің орынбасары және Президент Әкімшілігінің басшысы Мансұр бен Заид Әл Нахаян, Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн, Марокко Королі VI Мұхаммед, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Алжир Президенті Әбделмәжид Теббун, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тарик, Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах,  Израиль Президенті Ицхак Герцог, Палестина Президенті Махмұд Аббас, Ливия Президенттік кеңесінің төрағасы Мұхаммед Юнис әл-Манфи, Ауғанстан Премьер-министрі Молла Мохаммад Хасан Ахунд, Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха, ИСЕСКО Бас директоры Салим бен Мұхаммед әл-Малик және басқалары құттықтады.

Президенттің атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің