National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысының атына Республика күніне орай құттықтаулар келіп жатыр

2023 жылғы 26 қазан

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Республика күніне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларынан құттықтау жеделхаттары толассыз түсіп жатыр.

ГФР Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер құттықтау жетелхатында Қазақстан мен Германияның өзара сенім мен серіктестікке негізделген қарым-қатынасы соңғы 30 жыл ішінде таңқаларлық деңгейге көтерілгенін атап өтті.

«Елдеріміз арасындағы тығыз байланыстар жоғары деңгейдегі саяси кездесулерде ғана емес, сондай-ақ әртүрлі саладағы табысты ынтымақтастықтан да көрінеді. Германия болашақта да Қазақстанның сенімді серіктесі болып қала береді және Сіздің бастамаңызбен жүргізіліп жатқан реформалардың жалғасуына қолдау көрсетеді», – делінген жеделхатта.

БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қасым-Жомарт Тоқаевты Ұлттық мерекемен құттықтап, достас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Мысыр Президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси өз жеделхатында екі ел халықтарының жарқын болашағы жолындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін Мысыр мен Қазақстан мол әлеуетке ие екенін жазған.

Иран Президенті Ибрахим Раиси қос мемлекеттің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы белсенді ықпалдастығы екіжақты байланыстардың дамуына тың серпін бергенін атап өтті.

Сонымен қатар Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни, Қатар Мемлекеті Әмірінің орынбасары Абдалла бен Хамад Әл-Тәни, Вьетнам Президенті Во Ван Тхыонг, Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар, Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбан, Пәкістан Премьер-министрі Анвар-уль-Хақ Какар, Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Эфиопия Президенті Сахле-Ворк Зевде, Палестина Президенті Махмуд Аббас, Кипр Президенті Никос Христодулидис, Бельгия королі Филипп, Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желька Цвиянович, Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдат Әміреев және басқалар өз құттықтау жеделхаттарын жолдады.

Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің