Басқосуда жауапты министрліктер басшылары мен Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушілері баяндама жасады. Бурабайдағы Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалар бойынша заң жобаларын, «Қазақстан балалары» бағдарламасын, ішкі саясат саласындағы концептуалдық құжатты әзірлеу, сондай-ақ өңірлерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелеріне айрықша мән берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай аясындағы тапсырмаларының орындалуы Президент Әкімшілігінің бақылауында болады. Олардың жүзеге асырылу барысы бойынша жиналыс тұрақты түрде өткізіледі.