National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

«Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасы


Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысы барысында берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Үкімет «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасын бекітті.

Құжат елдегі көмір генерациясын дамытудың бес жылдық кезеңін
(2026 – 2030 жылдар) қамтиды және электр энергиясына өсіп келе жатқан қажеттілікті қамтамасыз етуге, қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету технологияларын қолдануға, сондай-ақ салалық мамандарды даярлау сапасын арттыруға серпін беруге бағытталған.

Міндеттері:

  • жаңа генерациялайтын қуаттарды салу;
  • қолданыстағы энергетикалық активтерді жаңғырту;
  • саланың кадрлық тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • тұрақты әрі қолжетімді қаржыландыру тетігін және көмір генерациясы үшін ұзақ мерзімді әрі теңгерімді отын-логистикалық базаны қалыптастыру.

Жаңа көмір станцияларын салу кезінде жоғары пайдалы әсер коэффициентін қамтамасыз ететін, үлестік шығарындыларды төмендетуге мүмкіндік беретін және экологиялық заңнама талаптарын сақтайтын озық технологиялар қолданылатын болады.

Ұлттық жобаны іске асыру қорытындысы бойынша сегіз жаңа энергетикалық объектінің құрылысын аяқтау, сондай-ақ он бір қолданыстағы энергия көзін жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және жаңарту күтіледі.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару