National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Президент Чехия Премьер-министрін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2026 жылғы 29 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Андрей Бабишке бұл мемлекеттік награда Чехия мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін табысталғанын айтты.

– Сіз Қазақстанның сенімді досы әрі халықаралық деңгейдегі көрнекті мемлекет қайраткерісіз. Екіжақты қарым-қатынасты табысты дамытуға бағытталған сындарлы ұстанымыңызды жоғары бағалаймын. Сіз өзара ықпалдастықты ілгерілету жолында аянбай еңбек етіп келесіз, сол себепті байланыстарымыздың келешегіне сеніммен қараймыз. Елдеріміз арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосқаныңыз үшін Сізге І дәрежелі «Достық» орденін табыстау туралы шешім қабылдадым. Бұл жоғары марапат қазақ-чех берік достығының жарқын символына айналады. Серіктестігіміз болашақта да жанданып, нығая беретініне сенімдімін, – деді Президент.

Андрей Бабиш жоғары мемлекеттік наградамен марапаттағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.

– Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нәтижелі дамып келе жатқанына шынайы қуаныштымын. Саяси диалогымыз ашық әрі сындары сипатқа ие. Халықаралық аренадағы ықпалдастығымыз тұрақтылыққа, бейбітшілік пен серіктестікке бейіл екенімізді көрсетеді. Чех Республикасы Қазақстанның әлемдік аренадағы сенімді әріптесі екенін мақтан тұтады. Президент мырза, осы жоғары марапатқа лайық көргеніңіз және халықаралық серіктестік пен диалогты нығайтуға зор үлес қосқаныңыз үшін алғыс айтамын. Алдағы уақытта да халықтарымыз арасындағы достықты тереңдету, әлемде тұрақтылық орнату жолында қызмет ете береміз деп сенемін, – деді Чехия Премьер-министрі.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің