National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Президент Hyosung Financial System Vina компаниясының өндіріс алаңын аралап көрді

2023 жылғы 22 тамыз

Вьетнам, Бакнинь провинциясы

Мемлекет басшысы Вьетнам сапарында арнайы барып танысқан тағы бір нысан – Hyosung Financial System Vina компаниясы.

Кәсіпорын жаңа үлгідегі банкоматтар, автоматты касса аппараттарын (TCR) шығарады, сондай-ақ банк-қаржы саласына арналған бағдарламалар жасайды.

Кәсіпорында жылына 80 мыңнан аса бұйым өндіріледі.

Бұдан бөлек, компания озық технологияларға көшу, өнім сапасын арттыру, Вьетнамда ақпараттық технологиялар бағытындағы адам капиталын дамытуға ықпал ету үшін өндіріс жанынан зерттеу орталығын ашқан.

Зауыттың өндіріс желісімен танысқан Мемлекет басшысы қаржы технологиясы саласында тәжірибе алмасу қажет екеніне назар аударды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің