National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге құттықтау жеделхатын жолдады

2021 жылғы 12 қазан

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге Қатар Мемлекеті Консультативтік кеңесінің мүшелерін сайлаудың табысты өтуіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

– Ел тарихында алғаш рет ұйымдастырылған бұл саяси демократиялық шара Қатардың еркін азаматтық қоғам мен зайырлы мемлекет қалыптастыру жолындағы жетістіктерінің айқын көрінісі. Бұл тұрғыдан, еліңіздегі адам құқықтарын қорғау мен бостандықты ілгерілетуге қатысты Сіздің бастамаларыңыздың болашақта да жемісті жүзеге аса беруіне тілектеспін. Осы ретте, Шығанақ өңіріндегі Қазақстанның басты серіктестерінің бірі Қатармен тығыз байланыстарымыздың жылдан жылға ауқымы ұлғайып, ықпалдастығымыздың өрісі кеңейіп келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміз әлеуеті жоғары қарым-қатынастарымызды халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі дамыта түсетініне кәміл сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

2026 жылғы 08 маусым

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің