National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

2022 жылғы 11 ақпан

Ресей, Мәскеу қаласы

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей президенттерінің бүгінгі келіссөздерінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

– Елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен шынайы одақтастық қатынастарды ілгерілету үшін көп жұмыс істеу керек. Бар күш-жігерді күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін жұмсау қажет. Мен жаңа ғана Владимир Владимировичпен ұзақ әрі тиімді келіссөз жүргіздім. Біз ынтымақтастығымызды нығайтуға, халықаралық және өңірлік жағдайға қатысты барлық мәселе бойынша сөйлестік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа Үкіметімен жүйелі жұмыс істеудің маңызды екенін атап өтті.

– Сіздердің өкілдеріңіз бен Қазақстанның жаңа Үкіметі арасындағы байланыстарға тың серпін бергім келеді. Қарым-қатынастар Ресей Үкіметімен арадағы іскерлік, белсенділік және өте тығыз байланыстарды жалғастыруға бағытталуы керек, – деді Президент.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің Камаз, Сибур және басқа да жетекші компанияларының қатысуымен жүзеге асырылып жатқан стратегиялық сипаты зор маңызды бірлескен жобалары бар. Бұл жобалар өндірістік кооперацияны кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, екі елдің өнеркәсіптік және технологиялық әлеуетін күшейтуге бағытталған. Сонымен қатар Қазақстан тарапы Еуразиялық экономикалық одақ аясында тығыз ықпалдастық орнатуға ниетті.  

Өз кезегінде Михаил Мишустин екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамыту үшін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге жасаған сапарының маңызы зор екенін атап өтті.

– Ресей Федерациясының Үкіметі жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау үшін барлық қажетті шараны қабылдайтынын мәлімдеймін, – деді Михаил Мишустин.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті экономикалық кооперацияның мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық мақсатына сай келетініне сенім білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 27 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығы Сот төрағасының ант беру рәсіміне қатысты

2024 жылғы 04 наурыз

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығы Сот төрағасының ант беру рәсіміне қатысты

Жарлық

2024 жылғы 13 ақпан

Д.М. Малахов туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің