National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік хатшы


Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедке Төтенше және өкілетті елшілердің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі болып өтті

Атап айтқанда, Ангола Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Жаоким Аугусто де Лемуш, Аргентина Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Хуан Карлос Креклер, Эфиопия Федеративті Демократиялық Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Мулат Тешоме сенім грамоталарын тапсырды.

Екіжақты кездесулерде Қазақстан-Ангола, Қазақстан-Аргентина және Қазақстан-Эфиопия ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективасына байланысты пікір алмасылды. Тек еуропалық елдер ғана емес, сондай-ақ басқа құрлықтардағы мемлекеттердің Қазақстанмен саяси, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы өзара іс-қимылының өсіп келе жатқанына қызығушылық бар екендігі атап өтілді.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Астанада әлемнің 40 елінен келген 87 делегацияның қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі, сондай-ақ V Астана экономикалық форумы табысты өткені туралы хабардар етті. М.Құл-Мұхаммед атап өткендей, жалпы ТМД бойынша шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанда барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Қазақстанның жалпы тәуелсіздік кезеңінде 150 миллиард долларға жуық шетелдік инвестиция тартылды. Тек өткен жылдың өзінде ғана елге 20 миллиард доллар инвестиция тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 процентке артық.

Қазір Қазақстан ауқымды Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруда. Елімізде іс жүзінде әр жарты жыл сайын ондаған жаңа кәсіпорындар ашылып жатады. Индустрияландыру картасы бойынша 2015 жылға дейін өңдеуші өнеркәсіп, агрокешен және инфрақұрылымдық салаларда 350-ден астам инновациялық нысандар ашу жоспарланып отыр.

Қазақстан Ресеймен, Беларуспен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында табысты өзара іс-қимыл жасап келеді, сондай-ақ келешекте Еуразия экономикалық одағын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Біздің еліміз шетелдік инвестиция көлемінің ұлғаюына мүдделілік танытады және инвесторлармен өнімді жұмыс жүргізілуі үшін жағдайды дәйекті түрде нығайтатын болады.

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы: «Қазақстан Президенті ірі инвесторларға «Қазақстан - жаңа Жібек жолы» мега-жобасын бірлесіп жүзеге асыруға ұсыныс жасады және қызығушылық танытқан барлық бизнесмендерді біздің стратегиялық жоспарымызды іске асыруға белсенді қатысуға шақырды», - деп атап өтті.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2021 жылғы 01 сәуір

Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады

2021 жылғы 14 сәуір

Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады

Жарлық

2021 жылғы 05 сәуір

Хроника