National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова XIV Еуразиялық медиа форумға қатысты

 

Форумға Еуразиялық медиа форумның ұйымдастыру комитетінің төрайымы, Парламент Сенатының депутаты Д.Назарбаева, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы А.Есімов, Түрік Республикасының бұрынғы президенті А.Гүл, Еуропалық Комиссияның бұрынғы басшысы Ж.Мануэль Баррозу, АҚШ-тың бұрынғы энергетика министрі Б.Ричардсон, сондай-ақ Қазақстанның және шет елдердің танымал саяси және қоғам қайраткерлері, сарапшылар, әлемдік жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мемлекеттік хатшы форумға қатысушыларға Қазақстан Президентінің «Еуразиялық медиа форум он бес жылдық қызметі барысында журналистер қоғамдастығының өзекті мәселелері ғана емес, кең ауқымды жаһандық проблемалар да талқыланатын басқосуға айналып, лайықты беделге ие болды» деп атап өткен құттықтау сөзін жеткізді.

Сонымен қатар, форумға қатысушыларға арналған сөзде әлемнің жаңа ақпараттық орта қалыптастыру кезеңіне көшкені, алдағы әлеуметтік және технологиялық өзгерістерге дайындық орнықты дамудың айқындаушы факторы болып отырғаны айтылған. Технологиялық құрылымды өзгертудің басты бағыты ретінде форумның күн тәртібіне енгізілген «жасыл экономика» мәселелері Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбымен үндеседі.

Іс-шараның күн тәртібіне дағдарыстар дәуіріндегі тұрақтылық пен әлемдік нарықтарда жаһандық көшбасшылыққа жасалған қадамдар, Сирия дағдарысын шешу жолындағы саяси үдерістер, интеграцияның қозғаушы күші ретіндегі инвестиция, цифрлық революция кезеңіндегі қауіпсіздік стратегиясы сияқты мәселелер де енгізілді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы