National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қырымбек Көшербаев ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Одрэ Азулемен кездесті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Парижде ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Одрэ Азулемен кездесті.

Олар Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдар және алдағы уақыттағы  ынтымақтастықтың перспективаларына қатысты көптеген мәселені талқылады.   

Қырымбек Көшербаев ЮНЕСКО жетекшісіне әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Шымкент қаласының 2200 жылдығын ЮНЕСКО-ның атаулы күндер мен оқиғалардың халықаралық күнтізбесіне енгізу жөніндегі Қазақстан бастамасына қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдірді.

Сондай-ақ, келесі жылы Қазақстанда қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы кең көлемде атап өтіледі. Бұл орайда, 2020 жылы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде арнайы мәдени бағдарламалар ұйымдастыру ұсынылды.

Кездесуде Бүкіләлемдік мәдени мұраға жататын ескерткіштерді қорғау бойынша Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі орналасқан Түркістан қаласының қазіргі заманға сай даму тақырыбы қозғалды.  Тараптар «Жібек жолының Ферғана-Сырдария дәлізінің желілері» трансұлттық номинациясына қатысты және таяу жылдары ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне сериялық номинацияларды енгізуге қатысты  ұстанымдарын келісті.

Кездесу соңында Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстанға шақыру қағазы ЮНЕСКО Бас хатшысы О.Азулеге табысталды. Ол шақыруды ризашылықпен қабылдады.

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы