National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Н.Назарбаевтың үлгісі: бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» атты халықаралық ғалымдар мен сарапшылар форумына қатысты

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов, Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми және шығармашыл зиялы қауымның, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, Ресей, Еуропалық Одақ, Латын Америкасы, Үндістан, Қытай, Пәкістан, Оңтүстік Корея, Жапония елдерінің ғалымдары мен сарапшылары қатысты.

Форумға қатысушыларға арнаған сөзінде Г.Әбдіқалықова қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін қалыптастырған Нұрсұлтан Назарбаевтың ауқымды тұлғалық ерекшелігіне тоқталып өтті. Мемлекеттік хатшы Қазақстан этносаралық келісім мен халық бірлігі саласында жаһандық көшбасшылардың біріне айналғанын айтты.

Форумға қатысушылар полиэтникалық жағдайдағы этносаралық диалог моделі қалыптасуының және дамуының отандық және әлемдік тәжірибесін, азаматтық біртектілікті нығайтудың факторы ретінде полиэтникалық қоғамдағы интеграциялық үдерістерді, сондай-ақ тіл саясатының баршаны біріктірудегі рөлін талқылады.

Форум қорытындысы бойынша Қазақстан Президентіне жолданатын оның бейбітшілік пен келісім саясатын, сондай-ақ әлемдік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық бастамаларын қолдау туралы үндеу мәтіні бекітілді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 12 қаңтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы