National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.


 

Қымбатты отандастар!

Баршаңызды ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен орайлас келген мүбәрак мерекенің орны бөлек. Бұл – елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мейрам. Құрбан шалу кісіні шүкіршілік пен тәубаға, аманатқа адалдық пен сертке беріктікке шақырады.

Ислам діні  барлық істе салиқалылық пен сабырлылыққа үндейді. Адамзаттың ізгі құндылықтарын уағыздайтын ата дініміз шектен шығуға, өзгеге қиянат жасауға жол бермейді. Ұлысты ұйыстыратын осы ұлағатты дінді халқымыз өз ұлттық дәстүрімен үйлестіріп, ғасырлар бойы бекем ұстанып келеді.

Дәстүрлі дініміз Тәуелсіздікпен бірге түлеп, халқымызға қайтып оралды. Бүгінде бейбітшілік белдеуіне айналған Қазақстанда ислам діні кеңінен қанат жайып келеді.

Биыл еліміздің күллі мұсылман әлемінде беделі зор Ислам ынтымақтастық ұйымына басшылық жасап отыруы – соның айқын айғағы.

Ендеше, Алла тағала баршамыздың айттан айтқа аман жетуімізді жазсын, ағайын! Келешегімізді кемел, жүзімізді жарқын етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем, бауырымыз бүтін болсын!

Құрбан айт мүбәрак болсын!

 

Астана, Ақорда


Заңдар

2023 жылғы 05 желтоқсан

Мемлекет басшысы «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

2023 жылғы 08 желтоқсан

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Жарлық

2023 жылғы 08 желтоқсан

Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы