Жаңалықтар

15 мамыр 2013
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

 

- Мемлекеттік рәміздер еліміздің тәуелсіздігін, оның мемлекеттілігінің мызғымастығын айшықтайды. Біздің оған деген ықыласымыз, сондай-ақ мемлекеттік негіздер мен Отанды сүюге деген құрметіміз қоғамның кемеліне келгенін көрсетеді. Біз рухани-адамгершілік жалпыұлттық құндылықтарды терең зерделей отырып, тәуелсіз Қазақстанның нағыз мемлекетшіл азаматтары мен патриоттарын қалыптастыруымыз қажет, - деп атап өтті отырыстың ашылуында Мемлекеттік хатшы.

Іс-шара барысында осы маңызды идеологиялық салада атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ҚР Сыртқы істер министрінің, ҚР Статистика жөніндегі агенттік төрағасының, сондай-ақ Атырау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдерінің есептері тыңдалып, егжей-тегжейлі талқыланды. Кездесуге қатысушыларға мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманың бұзылмауына жол бермеу қажеттілігі айрықша міндеттелді.

Отырыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар