Жалпы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі - Әкімшілік) Қазақстан Республикасының Президенті (бұдан әрі -  Президент) құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.

Әкімшіліктің  миссиясы Президенттің қызметін  ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық және өзгедей қамтамасыз ету болып табылады.

Әкімшіліктің негізгі міндеттері:

1) Президенттің мына салалардағы:

  • сыртқы саясаты;               
  • әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың өзге де бағыттарындағы;
  • қорғаныс қабілеттілігі мен мемлекеттің қауіпсіздігі;
  • құқықтық саясат, заңдылық пен құқық тәртібі;
  • кадр саясаты;
  • Қазақстан Республикасы Парламентіне қатысты (бұдан әрі -Парламент);
  • Қазақстан Республикасы Үкіметіне (бұдан әрі -Үкімет) және орталық атқарушы органдарға қатысты;
  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне қатысты;
  • соттар мен судьяларға қатысты;
  • Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына қатысты;
  • жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдеріне қатысты және өңірлік саясат саласында;
  • өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға қатысты;

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының  (бұдан әрі - Мемлекеттік хатшы), Қазақстан халқы Ассамблеясының,  Жоғары Сот Кеңесінің және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

3)  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Президент айқындайтын  өзге де міндеттер болып табылады.

Жүктеу: «Әкімшілік туралы ереже»


 

Әдеп жөніндегі уәкіл

Ғани Өтенұлы ТІЛЕУБЕКОВ - Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі


Байланыс ақпараты:

Астана қ., Орынбор көшесі, 6, 1810 каб.

Азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу арқылы наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан айларының екінші бейсенбісінде сағат 17.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады. 
Телефон: +7 (7172) 745153