Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

12 ақпан 2015
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Жужанна Якабпен кездесті

 

Кездесуге денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.Қайырбекова, ДДҰ-ның Қазақстан Республикасындағы өкілі Мелита Вуйнович, Республикалық медициналық палатаның президенті М.Құлжанов қатысты.

Мемлекеттік хатшы Якаб ханымды Алматыда ДДҰ-ның географиялық тұрғыдан шалғай орналасқан алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі офисінің ашылуымен құттықтады.  Г.Әбдіқалықова Алматыда ДДҰ-ның офисін ашу елеулі оқиға екенін, өйткені алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі ДДҰ/ЮНИСЕФ Декларациясы тұңғыш рет 1978 жылы Қазақстанда қабылданғанын атап өтті.

ДДҰ-ның Алматыдағы офисі осы ұйымға мүше 53 мемлекеттің іс-қимылын үйлестіруді жүзеге асыратын БҰҰ-ның Еуропа өңірі мен Орталық Азия аумағындағы алғашқы ірі офисі болып отыр.   

Тараптар Қазақстан мен ДДҰ арасында ынтымақтастықтың көптеген бағыттары бойынша берік әріптестік қатынастар қалыптасқанына қанағаттанушылық  білдірді. 

Г.Әбдіқалықова ДДҰ-ның Еуропалық бюросына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда консультативтік және техникалық белсенді көмегі үшін ризашылығын білдірді.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасының денсаулыққа, оның ішінде бала өлімін азайту, ана денсаулығын жақсарту, АИТВ/ЖИТС-пен, туберкулезбен күреске байланысты Мыңжылдық даму декларациясының мақсаттары мен міндеттерін орындауға зор мән беретінін айтты. Атап айтқанда, Қазақстан ана мен бала өлімінің, орташа өмір сүру ұзақтығының көрсеткіштерін  және басқа да көрсеткіштерді  жақсартты. 2009 жылдан бастап ана өлімі 3 есе азайды және 2014 жылы аман-есен туған 100 мың балаға шаққанда 11,8 болды; нәрестелер өлімі 1,8 есеге азайды және 2014 жылы  аман-есен туған 1000 балаға шаққанда 10,0 көрсеткішін құрады; ал межеленген өмір сүру ұзақтығы 70,4 жасқа жетті.

Кездесу қорытындысында Қазақстанның ДДҰ Еуропалық Өңірлік офисімен арадағы ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, Мыңжылдық даму мақсаттарын іске асыру, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту мәселелері бойынша алдағы ынтымақтастығының негізгі басымдықтары айқындалды.     


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар