National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Пасха мерекесімен құттықтауы

2017 жылғы 15 сәуір

Құрметті отандастар!

Айтулы Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – барлық құрлықтарды мекен еткен көптеген адамдардың өміріндегі ерекше мәні бар мейрам. Биыл православтар мен католиктердің оны бір мезетте атап өтуі мейрамның мәні мен маңызын арттыра түсуде.

Біздің елімізде барлық адамдар Пасханы, сондай-ақ басқа да маңызды діни мерекелерді жылы сезіммен қабылдайды. Бұл бірегей дәстүр біздің қоғамымыздың татулық, достық және келісім құндылықтарымен бекітілген бірлігін айшықтай түседі.      

Бүгінгі таңда барлық конфессиялардың бір-бірін сыйлауға және ашық пікірлесуге негізделген жемісті ынтымақтастығы – Қазақстанның ерекше мақтанышы.   

Ежелгі Пасха мейрамы – жаңғырудың, ізгі үміт пен жағымды істер жасауға талпыныстың нышаны. Осының барлығы жүйелі түрде түбегейлі өзгерістерді жүзеге асырып жатқан еліміздің қазіргі даму кезеңімен үндесіп жатыр.  

Жарқын мерекеде барлық қазақстандықтарға денсаулық, отбасыларына амандық, барлық бастамаларына табыс тілеймін! 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің