Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 шілде 2013
Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен кездесу өткізді

Кездесу кезінде ынтымақтастықтың әртүрлі салаларындағы мемлекетаралық өзара қарым-қатынастарды одан әрі нығайту перспективасы, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу кезінде ынтымақтастықтың әртүрлі салаларындағы мемлекетаралық өзара қарым-қатынастарды одан әрі нығайту перспективасы, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға келген Д.Кэмеронға ыстық ықыласын білдіріп, Ұлыбритания Премьер-Министрінің алғашқы сапарының мәні мен тарихи маңызын атап өтті.

– Біздің еліміз Ұлыбританиямен тығыз қарым-қатынастар орнатуға мүдделі. Сіздің сапарыңыз Қазақстанның жетекші мұнайлы өңірінен – Атыраудан басталғаны өте жақсы. Қол қоюға дайындалған құжаттар, сондай-ақ біздің келіссөздеріміз екі ел арасындағы экономикалық және саяси ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенемін, – деді Мемлекет басшысы.         

Д.Кэмерон Нұрсұлтан Назарбаевқа британдық делегацияға көрсетілген ықылас үшін алғысын айтты.

– Мен кеше Қашаған кен орнын көріп, бүгін Назарбаев Университетінде студенттермен кездесіп, шын мәнінде, қатты таңғалдым деп айтсам болады. Осының бәрі стратегиялық серіктестік аясында елдеріміз арасындағы қарқынды дамып келе жатқан өзара қарым-қатынастарда кең ауқымдағы өзара мүделестіктің бар екеніне менің көзімді тағы да жеткізе түсті, – деді Ұлыбритания Премьер-Министрі.   

Кең кұрамдағы келіссөздер барысында Қазақстан Президенті екі мемлекеттің стратегиялық серіктестік туралы келісімге алғаш рет қол қойып отырғанын атап өтті.

– Өткен жылы елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 20 жыл толды. Тауар айналымы былтыр 2 миллиард 300 миллион долларға жетті. Біз бұл көрсеткішті едәуір арттыра аламыз деп ойлаймын. Біз Ұлыбританияның Қазақстанды өзара сауданы жандандыру жөнінде  басымдығы бар 14 елдің тізіміне қосқанын да білеміз. Бұл біздің экономикалық мүдделерімізге толық сай келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Д.Кэмерон екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жанданып келе жатқанына өзінің қанағаттанушылығын білдірді.

– Мен Ұлыбританияның Премьер-Министрі қызметінде бола отырып ең алғаш Сіздің еліңізге келгеніме өте қуаныштымын. Біздің екіжақты қарым-қатынастарымыз жаңа деңгейге көтерілетін болғанын зор қуанышпен айтып өткім келеді, оған елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісім айқын дәлел. Бүгінде біздер бірлесе ынтымақтасатын бірқатар бағыттар бар. Ол – өңірлік қауіпсіздік мәселесі, Ауғанстанда тұрақтылықты қамтамасыз ету, әскери-техникалық ынтымақтастық, білім беру саласындағы өзара ықпалдастық, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, – деді Ұлыбритания Премьер-Министрі.

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Үкімет басшысының алғашқы мемлекеттік сапары екіжақты қарым-қатынастардың бүкіл тарихында екіжақты қарым-қатынастар мен саяси диалогты нығайтуға, сондай-ақ экономикалық өзара ықпалдастық саласының аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар