Жаңалықтар

15 қаңтар 2013
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

 

Кездесу барысында Қ.Мәми Сенаттың биылғы жылға арналған заң шығару қызметінің жоспарлары және Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі қызметінің 10 жылдығына байланысты іс-шараларға дайындық барысы туралы баяндады.

Сондай-ақ Сенат төрағасы Парламенттің жоғары палатасының жоспары Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асыруға тікелей байланысты екенін айтып өтті. Атап айтқанда, тиісті өзгеріс пен толықтыру енгізуді қажет ететін нормативтік-құқықтық актілер анықталуда.  

Бұдан бөлек, Сенат төрағасы депутаттардың еліміздің облыстарының халқымен жұмысы жайлы әңгімеледі.

Қазақстан Президенті Парламент депутаттарының өңірлердегі тұрғындармен көшпелі кездесулер өткізулері маңызды екеніне тоқталды және мұндай іс-шаралар түрлерінің ауқымын кеңейте отырып, кәсіпорындарда, мектептерде, ауруханаларда және өзге де маңызды әлеуметтік нысандарда кездесулерді ұйымдастырудың қажеттігін атап өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар