Жаңалықтар

27 сәуір 2018
Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенконы қабылдады

Кездесуде Мемлекет басшысына Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясын өткізуге әзірлік барысы жөнінде баяндалды.

Л.Прокопенко Нұрсұлтан Назарбаевқа ұйымдастыру-дайындық жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер туралы мәлімдеді.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар