Жаңалықтар

5 ақпан 2016
Елбасы Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады

 

Кездесу барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Сыртқы барлау қызметі өз дамуының жаңа кезеңіне өтіп жатқанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі геосаяси ахуалдың күрделенуі мен халықаралық терроризм төндіріп отырған қатердің ұлғая түскенін ескере отырып, еліміз шет елдердегі өз мүддесін қорғау жұмыстарын күшейтуге тиіс екендігіне назар аударды.

Ғ.Байжанов ведомствоның алдына қойылған міндеттердің жүзеге асырылу барысы туралы, соның ішінде кадрларды іріктеу мен даярлау жүйесін жетілдіру жұмыстары жөнінде баяндады.

Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.   


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар