Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

18 маусым 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттің ректоры Ақылбек Күрішбаевты қабылдады

Мемлекет басшысына С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің қазіргі жұмыстары, сондай-ақ аграрлық білім мен ғылымды жетілдірудің жағдайы мен перспективалары туралы баяндалды.

Қазақстан Президенті университеттің қол жеткізген табыстарын атап өтіп, ауыл шаруашылығын өркендетуге мүмкіндік беретін аграрлық ғылымды дамыту жөніндегі ұсыныстарды қолдады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар