Жаңалықтар

6 қараша 2017
Қазақстан Президенті Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысына азаматтық қоғамдағы қазіргі ахуал мен дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет ұсынылды.

Елбасы министрліктің бүгінгі жаһандық және өңірлік сын-қатерлер жағдайында атқарып отырған жұмыстарының өзектілігін ерекше атап өтті.

– Министрлік құрылғалы біршама уақыт өтті. Қазіргі жағдайда министрліктеріңіздің жұмысы еліміз үшін аса маңызды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Қазақстан Президентіне діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, сондай-ақ волонтерлермен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жүргізу жөніндегі жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар