Жаңалықтар

13 желтоқсан 2019
Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваны қабылдады

Кездесу барысында ел мәдениетін дамыту мәселесі талқыланды.

Роза Рымбаева Қазақстан Президентіне өзінің шығармашылық қызметінің 45 жылдығына орай еліміздің барлық аймағында жеке концертін ұйымдастыру жайындағы жоспарын айтты. Сонымен қатар әнші талантты жас музыканттарды қолдауға бағытталған мәдени орталық ашу туралы ойымен бөлісті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Роза Рымбаеваны «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алуымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар