Жаңалықтар

12 қараша 2014
Мемлекет басшысы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірованы қабылдады

Ж.Әубәкірова кездесу барысында Елбасыға консерваторияның қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.

 

Ж.Әубәкірова кездесу барысында Елбасыға консерваторияның қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев консерваторияның биыл айтулы датаны – 70 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқанын, осы уақыт ішінде оның елдегі жетекші музыкалық оқу орны ретіндегі маңызын сақтап қалғандығын атап өтті. Қазақстан Президенті түрлі мәдениет мекемелері шығармашылық кадрларды сапалы дайындауды жалғастыруы қажеттігіне назар аударды.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Мемлекет басшысына музыкалық білім беру мен жалпы мәдениетті дамыту мәселелеріне ұдайы көңіл бөлетіндігі үшін алғысын айтты.

Ж.Әубәкірова сондай-ақ консерватория жүзеге асырып жатқан жобалар туралы әңгімелеп, оқу орны шәкірттерінің түрлі халықаралық алаңдардағы жетістіктерін және оларға деген сұраныстың бар екенін атап өтті. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар