National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің президенті Шигео Катсумен кездесті

2017 жылғы 25 қыркүйек

Елбасы кездесу барысында Қазақстан ғылымын одан әрі дамыту және жас ғалымдарға қолдау көрсету үшін тиісті жағдай жасау қажеттігіне ерекше назар аударды.

– «Назарбаев Университеті» әлемге танымал болды. Сіздің басшылығыңызбен мыңнан астам студент оқуын ойдағыдай аяқтады. Біз университетті дамыту ісінде көп нәрсеге қол жеткіздік. Алайда, жас дарындарға одан әрі қолдау білдіру үшін шаралар қарастыру қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» инфрақұрылымы базасында түрлі стартап жобаларды, әсіресе ІТ-технологиялар мен «жасыл» экономиканы дамыту саласындағы жобаларды әзірлеу және оларды іске асыру барысында жас ғалымдар үшін зор мүмкіндік туатынын атап өтті.

Шигео Катсу Мемлекет басшысына «Назарбаев Университетін» және еліміздің жалпы ғылыми әлеуетін дамыту перспективаларын талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

2026 жылғы 06 шілде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің