National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады

2017 жылғы 02 наурыз

Кездесуде Қ.Қожамжаров Елбасыны агенттіктің қазіргі қызметі туралы хабардар етіп, «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардағы бос тұрған орындарды қысқарту, сондай-ақ еңбекақы төлеу қорының қаражатын қайта бөлу арқылы енгізіліп жатқан мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың бонустық жүйесінің маңыздылығын атап өтті.

Қ.Қожамжаров «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау барысы туралы хабарлап, аттестациядан өтушілер жақсы нәтиже көрсетіп жатқанын айтты. Агенттік төрағасының ақпараты бойынша, бүгінге дейін Жоғары аттестациялық комиссияның 14 отырысы болып, республикалық деңгейде 700-ден астам қызметкер әңгімелесуден өткен.

Сондай-ақ, агенттік төрағасы «А» басқарушы корпусын реформалауға қатысты ұсыныстар жөнінде баяндады. Онда қызметкерлердің осы санатына жататын лауазымдар қатарын қысқарту көзделген.

Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлықпен күресу, ұдайы оның алдын алу жұмысын сапалы жүргізу қажеттігіне де назар аударды.

– Қылмыстық қудалау тек заң аясында ғана жүзеге асырылуға тиіс. Азаматтарды салмақты негіздерсіз және бұлтартпайтын дәлелдерсіз тұтқындауға болмайды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 08 шілде

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты

2026 жылғы 01 тамыз

Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты

Жарлық

2026 жылғы 22 шілде

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің