Жаңалықтар

18 шілде 2014
Елбасы Malaysia Airlines авиакомпаниясы MH17 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разакқа көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Жеделхатта Malaysia Airlines компаниясының «Амстердам – Куала-Лумпур» бағыты бойынша ұшқан ұшағының Украина аумағында апатқа ұшырауы салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Наджиб Тун Разакқа, сондай-ақ қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына  шын көңілден көңіл айтты.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар