Жаңалықтар

4 маусым 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Олимпиада чемпионы, «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровтан хат келді

 

А.Винокуров өз хатында Нұрсұлтан Назарбаевты және барша қазақстандықтарды «Астана» велокомандасының «Джиро д`Италия» Гранд-Турындағы жеңісімен құттықтады.

«Бұл зор жетістік Қазақстанның әлемдік спорт қоғамдастығының лайықты мүшесі болып табылатынын тағы дәлелдеді», - делінген хатта.

Автор, сондай-ақ, бүгінде «Астана» әлемдегі ең мықты команданың бірі болып табылатынын және Италиядағы көпкүндіктегі жеңіс осыған айқын дәлел екенін атап өткен.

«Астана» бренді бүгінде әлемге кеңінен танымал. Біз елімізді және жас елордамызды әлемге лайықты түрде танытуда Қазақстан велошабондоздары өз үлесін қосып жүргенін мақтан етеміз», - деп жазады А.Винокуров.

Хат соңында А.Винокуров Мемлекет басшысын ортақ табыспен тағы да құттықтап, жаңа жеңістерге жету жолында шығармашылық күш-қуат тілейді


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар