Жаңалықтар

20 қыркүйек 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Оңтүстік Қазақстан облысының зиялы қауым өкілдерінен хат келді

 

Авторлар Елбасы саясатының арқасында еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы жылдан-жылға жақсарып келе жатқанын атап өткен.

Одан әрі хатта: «Қазақстан бүгінде әлемдік аренада беделді, абыройы жоғары мемлекеттер қатарына қосылды. Халық тұрмысының жақсаруы, экономиканың нығаюы және халықаралық қауымдастықтың бізбен санасуы – осының нақты дәлелі. Бұл – қазақстандықтар үшін зор қуаныш», – делінген.

Хат иелері Президент тапсырмасымен «Бейнеу-Бозой» халықаралық газ құбырының құрылысы жүргізілгеніне, мұның оңтүстік өңір тұрғындарының көгілдір отынға деген сұранысын толық шешетініне тоқталған.

Сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері хат соңында: «Бұл жоба – Тәуелсіздіктің және Сіздің басшылығыңыздың арқасында елдегі әлеуметтік мәселелердің кешенді, ауқымды шешіліп отырғанының тағы бір айғағы. Қазақстанды көркейтудегі ерен еңбегіңіз үшін оңтүстікқазақстандықтар атынан зор алғыс айтамыз», – дейді.

Ұжымдық хатқа Социалистік Еңбек Ерлері Б.Шүкірбеков, Т.Ағабеков, жазушы М.Байғұт, Қазақстанның құрметті журналисі Б.Қонысбек, ОҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов, ОҚО кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Д.Шерімқұлов, еңбек ардагері С.Барахова, т.б. қол қойған.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар