Жаңалықтар

27 қараша 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты С.Досановтан хат келді

 

С.Досанов өз хатында Парижден сүйінші хабар жеткенде - «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі Астанада өтетіні белгілі болғанда қуаныш пен шаттыққа бөленгенін жазады.

Хат иесі бұл тарихи ұлы жеңістің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында келуінің терең символикалық мәні бар екеніне тоқталады.

Қаламгер бұл жеңістің Елбасының сара да дана саясатының жемісі, Президент өркендетіп келе жатқан Қазақстанның жеңісі болып саналатынын атап өтеді.

Хат соңында жазушы Сәбит Досанов ел Президентіне «әркез аман, абыройлы болып, елімізді бақытқа бастай беріңіз» деген ізгі ниетті тілегін білдіреді.   


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар