Жаңалықтар

12 қыркүйек 2012
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Зид әл-Нахаянмен кездесу өткізді

Қазақстан Президенті Әмірлік тарапына АӨСШК-ны ұдайы қолдағаны және форумның барлық іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Қазақстан Президенті Әмірлік тарапына АӨСШК-ны ұдайы қолдағаны және форумның барлық іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Кездесуде халықаралық күн тәртібі, Таяу Шығыстағы жағдай, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ Қазақстанның араб және мұсылман әлеміндегі маңызды серіктесі болып саналатынын және бүгінгі күні саяси ынтымақтастықта жоғары деңгейге қол жеткізгенін атап өтті.

Тараптар екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру және шарттық-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде шара қабылдау туралы уағдаласты.       


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу